Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында бірнеше рейс бөгеліп жатыр.

Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігуде

Онлайн-табло деректеріне сүйенсек, Шымкент пен Дубай бағытындағы «Эйр Астана» рейстері кешігуде. Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматы аспанындағы тұманнан рейстердің ұшу уақыты өзгертілген.

Одан бөлек, Алматыға келетін сегіз рейс кешігіп жатыр.