Алматы әуежайында Эбола безгегіне күдікпен ұсталған ер адамның сараптама қорытындысы 18-20 сағаттың ішінде белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола безгегіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен Алматы әуежайында ұсталған адамға қатысты сараптама қорытындысы 18-20 сағаттан кейін белгілі болады, деп хабарлады ҚР Ұлттың экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

 Алматы әуежайында Эбола безгегіне күдікпен ұсталған ер адамның сараптама қорытындысы 18-20 сағаттың ішінде белгілі болады

15 наурызда Алматы халықаралық әуежайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті санитарлық-карантиндік пунктінің мамандары сағат 6.55-те Гвинея-Стамбұл-Алматы бағытындағы №350 рейс жолаушыларының арасында болған Эбола безгегіне күдікті ер адамды күтіп алды.

«Эпидемиялық тексеру барысында мамандар аурудың наурыздан 9-нан 14-не дейінгі аралықта Гвинеяда іссапармен болғандығын анықтады. Ал ол отырған ұшақ санитарлық тұраққа жөнелтіліп, бортта болған126 жолаушының барлығы қатаң бақылауға алынды. Сондай-ақ ол 126 адаммен қарым-қатынас жасаған.

Қазір науқастың дене қызуы қалыпты.Әзірге оған өткір респираторлық вирус жұқтырды деген диагноз қойылып отыр», делінген хабарламада.