Алматы әуежайында екінші терминал салынады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайы қайта жасалатын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен 5-инвестициялық форум барысында айтылды.
«Заманауи VIP-терминал, транзиттік аймақтың халықаралық ұшу залы кеңейтіледі. Тамақтану саласында қызмет көрсететін компаниялардың жұмысын жақсартуға халықаралық компанияларды шақырамыз. Әуежай басшылығы екінші терминалдың құрылысын бастау туралы шешім қабылдады», - деді Бауыржан Байбек.
Қала басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бойы жалғасады.
Инвестиция көлемі әзірге белгісіз.
Биыл әуежайдың ұшу-қону жолы қайта жөндеуден өтіп жатыр.