Алматы әуежайында кеденшілер 4 жарым млн. теңгенің шетел валютасын заңсыз алып шықпақ болған азаматшаны ұстады

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Кедендік бақылау департаменті қызметкерлері «Алматы - Шарджа» бағытындағы  әуе рейсін тіркеу барысында  1975 жылы туылған азаматшаны әшкереледі.
None
None

Күдіктіні тексеру кезінде Кеден органында декларациядан өтпеген, теңгеге шаққанда 4 миллион 522 мың 68 теңгені құрайтын 30 600 АҚШ доллары табылды. Көрсетілген ережелерге сәйкес, шығарылатын ақшаның және  қаржылардың  жол чегінің  ортақ соммасы  10 000 АҚШ долларынан асып кетсе, жолаушылар кеден декларациясында міндетті  түрде көрсетуі  керек.

Қазіргі таңда әшкереленген бұл жәйт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық iс қозғау үшін  Кедендік  бақылау департаментi  тергеуге дейінгі  тексеру амалдарын  жүргiзуде. Мұндай қылмыстық істе жеке дүниенi тәркiлеуiмен қатар 500-1000  айлық есептiк көрсеткiші өлшемінде айыппұл салу немесе бір жылдан екі жылға дейінгі мерзiмге түзету жұмыстары, я болмаса бас бостандығынан айыруды сол мерзiмге дейiн бостандықты шектеумен ауыстыру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар