Алматы әуежайында қомақты валютасын декларацияламаған Иран азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы» әуежайының бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары валютасын декларацияламай өтіп бара жатқан Иран елінің азаматын ұстады.

Алматы әуежайында қомақты валютасын декларацияламаған Иран азаматы ұсталды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

КС 911 рейсі бойынша «Алматы - Стамбұл - Тегеран» бағытымен ұшқалы тұрған Иран азаматын тексеру барысында декларацияланбаған 57 300 АҚШ доллары, 1 155 000 иран реалы, 440 түрік лирасы, 23 500 теңге табылды.

Ұсталған азамат пен валюталар «Жетысу» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.