Алматы әуежайында құтқарушылар арнайы жаттығулар өткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «КАZEMERCOM» Құрама іздеу-құтқару жасағының құтқарушылары 1-3 сәуір аралығында БҰҰ гуманитарлық мәселелерін үйлестіруді басқару әдіснамасы бойынша халықаралық аттестаттау дайындығының жаттығуларын өткізді. Бұл турады ҚР ІІМ ТЖ бойынша Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жаттығулардың бірінші кезеңінде республикалық жедел-құтқару жасағының базасында мобилизациялау жасағы құтқарушыларының жеке құрамын хабарландыру және медициналық қараудан өту, ізшіл иттерді бақылау, Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізу үшін құтқару жабдықтарын тиеу сияқты тәжірибелер жүргізілді.

Алматыдағы халықаралық әуежайдың аумағында өткен екінші кезеңде «КАZEMERCOM» жасағының құтқарушылары қажетті құжаттаманы рәсімдеумен шекаралық және кедендік процедуралардан өту әрекеттерін, сондай-ақ жеке құрамның төтенше жағдай аймағына жеткізу үшін жабдықтар мен көлік техникасын ұшаққа (Ил-76) тиеу әрекеттері жасалды. Жаттығу барысында бөлімшелердің жетекшілері және жасақтың жеке құрамымен дайындық, мобилизациялау және демобилизациялау, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу, сондай-ақ байланысты ұйымдастыру, материалдық-техникалық жабдықтау, қауіпсіздік, денсаулықты сақтау және медициналық бірге еріп жүруді қамтамасыз ету, қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша брифинг өткізілді.

Соңғы жаңалықтар