Алматы әуежайында туындаған қарбаластың мән-жайы белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық Алматы әуежайының президенті төлқұжат тексеру аймағында қардалас неліктен туындағандығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Таңертең халықаралық ұшу залында қарбалас боллды. FlyDubai әуе компаниясының рейсі кешігіп қонды. Адамдар сағат 3-те ұшудың орнына, 6 да бір-ақ ұшты. Бұл қалың көпшілікті дүрліктіргені рас. Өйткені тіркеу мен құжат тексеру кезінде адамдар ұзын-сонар кезекке тұрды»,-деді әуежай президенті Болат Ержанов.
Оның айтуынша, тек FlyDubai кестеден тыс, қалған рейстер өз уақытында ұшып кеткен.
«Құжат тексеру кезінде ығы-жығы жұрт ұшу залына симай кетті. Кезекті дер кезінде реттедік. Жолаушылар төлқұжат тексерісінен кейін рейс кестесімен шығарылды. Нақты санын айта алмаймын, жобамен 150 адамды шығарып салдық»,-деді ол.