Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті жолаушы Алматыдан Атырауға бағыт алған рейске отырмақ болған.

Әуе қауіпсіздігі қызметінің бақылаушылары жергілікті ұшу терминалында жолаушының қалтасын тексере келе жасыл түсті есірткіге ұқсас затты тапты.

Ер адам бірден әуежайдағы полицияның желілік бөліміне жеткізілді.

Тәркіленген зат Сот сараптамасы институтына талдауға жіберілді.

Тәжірибелі тергеушілердің айтуынша, ол өсімдіктен жасалған есірткі болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram