Алматы әуежайындағы арнайы көлік қызметінің жүргізушісі көлік дөңгелегі шинасының жарылуынан зардап шекті
АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайындағы арнайы көлік қызметінің жүргізушісі алған жарақатының салдарынан ауруханаға жеткізілді.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 13 тамыз күні сағат 18:80-де көлік дөңгелегі шинасының жарылуынан 37 жастағы ер адамның аяғы жарақаттанды.