Алматы әуежайындағы коммерциялық үй-жайлар ешкімге тиесілі емес – компания басшылығы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы халықаралық әуежайының президенті Алып Ер Тұнға Ерсоймемлекет меншігіне қайтарылған жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын сатып алуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ол аумақ Алматы халықаралық әуежайы терминалының аумағында орналасқандықтан, біз әрине оған өзіміз иелік еткіміз келеді. Алайда, біз әкімдік пен қала билігінің шешімін күтеміз. Себебі, оның барлығы заңмен реттелетін мәселе. Әдетте, әуежай терминалында орналасқан нысандар әуежайға тиесілі болады. Сондай-ақ әуежай ол аумаққа иелік етеді немесе оны үшінші тұлғаларға береді. Бірақ, қандай жағдайда да қала билігінің шешімін күтетін боламыз», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алып Ер Тұнға Ерсой.
Ол сондай-ақ әуежай аумағындағы дәмхана, дүкендердегі бағаларға қатысты өз ойын айтты.
«Біз қазір ол туралы ештеңе айта алмаймыз, әзірге ол аумақтар кімнің меншігіне өтетіні шешілген жоқ. Егер ол біздің меншігімізге өтсе, біз бағаны реттеуге тырысамыз. Егер жеке тұлғалардың меншігіне өтсе, ондағы бағаға әсер ете алмаймыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар