Алматы ауруханасында жүрекке бірегей операция жасайтын бөлімше ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Орталық қалалық клиникалық ауруханада интервенциялық кардиология бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлімшенің қызметі - тәждік артерия тамырын тенттеу және коронография жүргізу, соңынан жүрекке басқа да интервенциялық араласуларды енгізу. Ең алғашқы операция «Стенокардия» диагнозы бар 81 жастағы пациентке жасалды.
Жаңа бөлімшенің меңгерушісі, интервенциялы кардиолог Ержан Құттығожиннің айтуынша, стенокардия жүректің ишемиялық ауруының бірі және ол жүрек күретамырының атеросклерозы немесе спазма фонындағы жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан болады.

«Осындай бөлімшенің ашылуымен біз енді жоспарлы интервенициялық кардиологиялық медициналық көмек көрсете аламыз, яғни, тегін түрде жүрек тамырын емдеу үшін ТМККК және МӘМС аясында шағын инвазивті хирургиялық операция жасаймыз. «Стенокардия» диагнозы бар 81 жастағы науқасқа жасалған операция еш қиындықсыз сәтті өтті. Қазіргі таңда пациент стационарда жатыр, онда ол тұрақты терапия алып отырады. Алдағы уақытта, бөлімшеде аритмологиялық интервенциялы араласу операциясы жүргізілетін болады», - деді кардиолог.
Сондай-ақ маман стенокардия ұстамасы шұғыл терапияны қажет ететінің тілге тиек етті.
«Егер ұстама ұзаққа созылып кетсе арты науқастың өміріне қауіп төндіретін күрделі аурушаңдық-миокард инфарктіне апарады. Бастапқы ауру пайда болған кезде дер кезінде маманға жүгіну керек. Сол сияқты, профилактикалық мақсатта кеңес алу үшін кардиологқа баруы тиіс»,- дейді Ержан Құттығожин.