Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы аялдамаларында жаңа электронды тақта пайда бола ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мобильділік басқармасы аялдамалардағы электронды ақпараттық тақталар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы аялдамаларында жаңа электронды тақта пайда бола ма

«Қазіргі уақытта Алматыда қоғамдық көліктер тоқтайтын орындарында барлығы 9 электронды ақпараттық тақта орнатылған. Атап айтар болсақ, Н. Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында және Тимирязев көшесінің бойында 8 БРТ аяладамасында»,- деп жауап берді Алматы қалалық мобильдік басқармасы ҚазАқпараттың сауалына.

Басқарма мәліметінше, барлық электронды ақпараттық тақталар әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС (ОНАЙ), қаражатына орнатылды. Қалалық бюджеттен бұл мақсаттарға қаражат бөлінген жоқ.

«Қалалық бюджет есебінен аялдамаларға электронды тақталар орнату мәселесі қазіргі уақытта пысықтау және зерттеу сатысында. Сонымен қатар, электронды ақпараттық тақталардың орнатылуы BRT желісі құрылысының екінші кезеңінің жобасы үшін қарастырылғанын хабарлаймыз «, - деп атап өтті басқармадағылар.