Алматы аймақтық балалар ауруханасына жаңа жабдық берілді
Жаңа туған сәбилер үшін оңалту үстелі - перзентханалардың оңалту бөлімшелері жасрақтандыру үшін арнайы жасалған күрделі медциналық аппарат. Ол сәбилерді күтуге ыңғайлы әрі жылу мен жайлылық көзі. Фототерапия аппараттары жаңа туған сәбилердегі сары ауруды емдеуге арналған.
«Біздің жаңа туылған және шала туған сәбилер патология бөлімінде қазір 20 адам жатыр. Оларға кемінде 10 оңалту үстелдері қажет. Ал бізде әзірге біреу ғана. Ал фототерапия аппараты бізде тіпті болған жоқ. Ал біздің бөлімшеге түскен әрбір екінші сәби сары ауруға шалдыққан», - деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.
Алматы аймақтық балалар ауруханасы 2011 жылғы қарашадан бері жұмыс жасап келеді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы ауқымында салынған мекеме Алматы облысының оңтүстік аудандарында тұратын сәбилерге медициналық көмек көрсетуге арналған.
Жабдықтарды тапсыру «Өмір сыйлайық» жобасының ауқымында Қазақстанның балалар ауруханаларының оңалту бөлімдеріне көмек көрсету мақсатында жүргізілді. Ол 2007 жылы «АЯЛА» қоры Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының оңалту бөлімшесін медициналық жабдықтармен жарақтандыру кезінде басталды. Жаңа жабдықтың көмегімен балалар өлімі төрт есе азайды. 2011 жылы жобаның шекарасын Алматыдан тыс жерлерге кеңейту ұйғарылды.