«Алматы Азық» серіктестігі көкөніс өнімдеріне акция ұйымдастырмақ
АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат - «Алматы Азық» ЖШС көкөніс өнімдеріне акция жүргізеді. «Тұрақтандыру қорының өнім қорынан азық-түлік тауарларын сату Алматы қаласының түрлі аудандарында орналасқан 25 сауда павильондары,
1 әлеуметтік дүкені, 7 автодүкені, 1 көтерме қоймасы бар «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымы - «Алматы Азық» ЖШС сауда желісі арқылы жүзеге асады. Ауа райы жылы уақыттарда өнімді сату сауда шатырлары арқылы да іске асырылады. 2013 жылдың аяғына дейін корпорацияның көтерме-бөлшектік желісін 1000 сауда орнына дейін ұлғайту жоспарлануда», - дейді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз хатшысы Айдар Кырықбайұлы. Оның айтуынша, Алматы қаласының азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының әрекет етуі кезеңінде жалпы көлемі 6 265,8 тонна сауда жасалды. Сондай-ақ, қоймаларда 9 564,6 мың теңге көлемінде азық-түлік тауарларының қоры бар.