Алматы балалар колониясында жазғы спартакиаданың салтанатты жабылуы болады

Колония бастығы Омаржан Тохтиевтің айтуынша, салтанатты шараға Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту қорының директоры Дәурен Мұхамеджанов қатысады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұл күні мини-футбол, үстел теннисі, кір тасын көтеру, 100 метрге жүгіру сияқты түрлі командалық спорт түрлері мен асық ату, арқан тарту, бұқа тартыс сияқты жекелеген ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.
Жарыс жеңімпаздарын мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Спорттық костюмдер және спорт жабдықтарын сатып алуға Алматы қаласы Нотариалдық палатасының төрайымы К.Қалабаева бастаған колонияның қамқоршылар кеңесі демеушілік көмек көрсетіп отыр.
Бүгінгі салтанатты шараға сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы филиалының, әділет департаментінің, бала құқықтарын қорғау департаментінің, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылып отыр, дейді колония басшысы О.Тохтиев.