13:22, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Алматы балалар колониясының тәрбиеленушілеріне информатика курстарын аяқтағандықтары туралы сертификат тапсырылды
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін алматылық балалар колониясының тәрбиеленушілеріне информатика курстарын аяқтағандықтары туралы сертификат тапсырылды.

Колония бастығы Омаржан Тоқтиевтің айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандар білім алған базалық информатика курстарын «Әлеуметтік жобалардың халықаралық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Әлеуметтік жобаны «Бота» қазақстандық қоры, Әлеуметтік жобалардың халықаралық қауымдастығы, Австрия үкіметі мен алматылық балалар колониясына 10 компьютер сыйлап, демеушілік жасаған Каспий банкі қаржыландырып отыр, деп атап өтті О.Тоқтиев.
Салтанатты шараға Әлеуметтік жобалардың халықаралық қауымдастығының директоры, Каспий банк, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдері қатысты.