«Алматы – Бандар-Аббас – Масқат» құрлық жолы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Омандағы Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan Carrier Company», «Atrakbar Khorasan» және «Integrated» көлік компанияларының бірлескен күш-жігерімен Алматы – Бандар-Аббас – Масқат бағыты бойынша көліктік пилоттық жоба іске асырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Алматы – Бандар-Аббас – Масқат» құрлық жолы іске қосылды

Алғаш рет қазақстандық «Optograd» компаниясының өнімдері жерүсті көлігімен Оманның Суэйк портына жеткізілді.

Жобаға қатысқан компаниялар болашақта Алматы-Масқат бағытындағы құрлық жолының мерзімін 12-14 күнге дейін қысқартуды жоспарлып отыр, ал оның бәсекеге қабілеттілігі екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Оман қазақстандық тауарларды аймақтағы және Африкадағы елдерге жеткізу үшін перспективалы транзит бағытына айналуы мүмкін деп пайымдайды.