Алматы билігі үш жылда 1 мыңнан астам жаңа автобус сатып алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолаушы тасымалдаушы компаниялар сатып алған жаңа автобустарды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала басшысы шет аймақтарды орталықпен байланыстыруға бағытталған қоғамдық көлік инфрақұрылымын да бағалады.

Бүгінде жекеменшік тасымалдаушылар автобус паркін жаңартуға бар күштерін салып жатыр.

Мәселен,«Мадина» ЖШС Yutong маркалы төмен еденді 12 автобус сатып алды. Көліктер №72 бағытта қызмет көрсетеді. «Киікбай» ЖШС №13 бағыттағы автобустарды жаңартып, ISUZU маркалы төмен еденді 20 көлік алды.

Бауыржан Байбек бірінші кезектегі міндет қалалықтарға сапалы қызмет көрсету екенін атап өтті. Оның айтуынша, қалада үш жыл ішінде 1100-ден астам көлік алынған.

«Сапалы қызмет көрсетіп, автопаркті жаңартқан тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Субсидия бөлу жөніндегі келісімде сапаға бақылау қойылатындығы әрі кемшіліктер орын алса айыппұл салынатындығы нақтылы көрсетілген. Тек 9 ай ішінде ғана қозғалыс жиілігін сақтамаған тасымалдаушылар 330 млн теңге субсидиядан қағылды» - деді ол.

Жыл аяғына дейін Алматыда жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Еске салсақ, биылғы қазан айының соңында қалаға 200 жаңа автобус жеткізілген еді. Сондай-ақ осыдан бір ай бұрын қала көшелеріне 18 метрлік автобустар шықты.

Соңғы жаңалықтар