Алматы - білім берудің жаңа технологиялары енгізіліп отырған еліміздегі үлкен білім орталығы

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы білім берудің жаңа технологиялары енгізіліп отырған еліміздің  үлкен  білім орталығы болып табылады.

Алматы - білім берудің жаңа технологиялары енгізіліп отырған еліміздегі үлкен білім орталығы

Қалада диагностика мен емдеудің алдыңғы қатарлы әдістерін қолданатын 1000 жуық медициналық мекеме жұмыс істейді, деп хабарлады pm.kz сайты.

Қазіргі таңда  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  саны жыл сайын өсіп келеді,  сондай-ақ соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің де  саны ұлғайды. Мысалы, 2011 жылғы 1 қазанда олардың саны 41,4 мың бала болса, 2000 жылы 20,5 мың бала болған. Тәуелсіздік жылдары 93 балабақша салынды. Соңғы екі жылда 66 балалар мекемесі іске қосылды, олардың қатарында жеке және мемлекеттік меншіктегі мекемелер де  бар.

Өткен 20 жылда білім беру саласында 30 мың орындық 35 мектеп салынды, оның ішінде 13 нысан 2007-2011 жылдар аралығында тұрғызылды.

Алматы қаласы еліміздің ірі медициналық орталығы болып табылады. Бүгінде мегаполисте 1 мыңға жуық медициналық мекеме жұмыс істейді, олардың 90 пайызы - жекеменшік сектор мекемелері.

Тәуелсіздік жылдары диагностика мен емдеудің ең алдыңғы қатарлы әдістерін қолданатын заманауи денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. Олардың қатарында қалалық клиникалық көпбейінді аурухана, жеке тұрғын үйлер орналасқан аудандардағы бірнеше ірі емханалар, республикадағы алғашқы медбикелік күту ауруханасы бар және заманауи перинатальдық аурухана, сондай-ақ еліміздегі бірінші хоспис, т.б. нысандар салынды.

Егер 1991 жылы небәрі 3 денсаулық сақтау нысаны салынса, Тәуелсіздік жылдары, 2011 жылды қоса алғанда, 36 нысан бой көтерді.

Жұмыссыздардың саны 1998 жылғы 91 мың көрсеткіштен 2010 жылғы 45,5 мыңға дейін, яғни 2 есеге азайды. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі қала бойынша 6,3 пайыздан аспайды, 1991 жылы бұл көрсеткіш 14 пайыз болатын. Алматылықтардың орташа айлық жалақысы республика бойынша ең жоғары болып табылады және 106,6 мың теңгені құрады. Орташа жалақы 1995 жылмен салыстырғанда 21 есеге өскен.