Алматы-Бішкек автожолында 4 көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Алматы-Бішкек» тасжолында төрт көлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады.
«Көлік апаты бүгін «Алматы-Бішкек» тасжолының 44-шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, «Нива-2121» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Фотон» көлігіне соғылған. Артынша барып бағанаға соғылып, қарсы бағытқа шығып, «BMW-525» және «Митсубиси» көліктеріне соқтығысқан. Оқиға орнында «Нива» көлігінің жүргізушісі мерт болды. «БМВ» көлігінің 22 жастағы және митсубисидағы 44 жастағы жолаушысы зардап шеккен», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.