«Алматы-Бішкек» автожолында болған жол апатында 2 адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақаттанды

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Кеше «Алматы-Бішкек» автожолында болған жол апатында 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, мамырдың 5-і күні кешке, Алматы облысы Қаскелен қаласынан өтетін күре жолдың 42-ші шақырымында «Хундай» мен «ЗИЛ» автокөліктері соқтығысқан. Екі машинаның да басқаруында 21 жастағы азаматтар отырған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Хундайдың» жүргізушісі мен оның бір жолаушысы сол орында мерт болды. Қалған төрт жолаушысы, оның ішінде 10 жастағы бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар