Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатында Қырғызстанның 4 азаматы опат болды

АСТАНА.  Қазанның  12-сі. ҚазАқпарат -  Алматы  облысында,     Алматы-Бішкек  тас жолының 126-шы шақырымында    болған    үлкен жол апатында  Қырғызстанның  төрт азаматы  қаза тапты,

Алматы-Бішкек  тас жолында болған  жол  апатында    Қырғызстанның 4 азаматы  опат болды

деп   хабарлады  ҚР  Төтенше жағдайлар    жөніндегі ведомствоның баспасөз   қызметінен.

Сенбі  күні сағат  03.30-дарда «Даево» және  «ЗИЛ»  көліктері    соқтығысып қалды.   Жол  апатының садарынан    жеңіл көліктің  жүргізушісі  ауруханаға түсті,  ал    оның төрт жолаушысы,   ішінде 2 жасар  бала   бар,  оқиға орнында көз жұмды.   Зардап шеккендердің барлығы Қырғызстан  азаматтары.