Алматы-Бішкек тас жолында тауар тиелген көлік жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы - Бішкек тас жолының бойында келе жатқан тауарға толы фура түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін таңертең аталған тас жолдың 146 шақырымында тіркелген. Тауарға лық толып тұрған Volvo маркалы көлікті жалмаған өртті сөндіру үшін Алматы және Жамбыл облыстарының өрт сөндірушілері жұмылдырылған. Өрт жағдайы тіркелген орыннан ең жақын елдімекен Ақтерек ауылы болып шықты. Оқиға болған орын мен өрт сөндіру бөлімінің арасы 150 шақырым болған.

Өрттің не себепті шыққан әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы-Бишкек 8:05, подробностей нет .... будьте осторожны .... #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #kris_p_almaty #🇰🇿 #kz #kaz #qaz

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Дек 29, 2017 at 9:00 PST

Соңғы жаңалықтар