Алматы-Бішкек тасжолында инкассатор көлігі әйел адамды қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тасжолында инкассаторлар автомобилі әйел адамды қағып кетіп, мерт қылды. Брондалған фургонның әйел адамды қағып кеткен орнынан тоқтаған жеріне дейінгі қашықтығы 100 метрді құрайды, деп хабарлайды patrul.kz.
None
None

Оқиға Алматы-Бішкек тасжолында, Қаскелең қаласына бұрылыстағы көпірдің астында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, брондалған фургон қатты жылдамдықпен Алматыға қарай кетіп бара жатқанда, жолға кенеттен әйел кісі жүгіріп шыққан. Барлығы қасқағым сәтте болып, жүргізуші қандай да бір әрекет жасап үлгермей қалады. Әйелді машина соққаннан кейін, ол жүз метр жерге дейін көліктің астында барған. Оның кім екенін оқиға орнында анықтауға мүмкін болмады. 
null 

Соңғы жаңалықтар