Алматы-Бішкек жолындағы көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД өкілдері Алматы-Бішкек күре жолында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, 26 ақпан күні Қордай асуына жақын жерде, Қордай ауданының Отар ауылының маңында жеңіл автокөлік тұтастай жанып кеткен болатын. Бұл жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жылдам тарады, оны Алматы - Бішкек күре жолымен келе жатқан куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алматы - Ташкент автожолының 152-километрінде болған.

«Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам қаза тапқан. Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 345-бабының («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») 4-бөлігімен тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда. Бірнеше сараптама белгіленген», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар