«Алматы - бұл біз. Қаламыздың тарихы» атты бірегей мультимедиялық көрме өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанада «Алматы - бұл біз. Қаламыздың тарихы» атты бірегей мультимедиялық көрме өтіп жатыр. Қала күні аясында ұйымдастырылған бұл шара Алматы қаласының тарихына арналған музейдің «SPACE Multimedia» галереясымен бірлесіп жасаған жобасы.

 «Алматы - бұл біз. Қаламыздың тарихы» атты бірегей мультимедиялық көрме өтіп жатыр

Көрмеге Алматы қаласы тарихының музейі қорынан көптеген жәдігерлер қойылған. Олардың ішінде әсіресе фотосуреттердің орны ерекше. Оларда Алматы қаласы мен Жетісу өңірінің тарихи кезеңдері көрініс берген.

Көрменің мақсаты - келушілерді Алматы қаласының тарихы туралы мағлұматтармен толыққанды таныстыру және оларды қаланың өткені мен бүгінгі тарихына ұқыптылықпен қарауға шақыру.

Сонымен қатар, көрмеде қаладағы өнеркәсіпке, қала құрылысына және қаланың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты бөлек секциялар әзірленген.

Ондағы бірегей фотоматериалдарды, «Алматы энциклопедиясы» веб-порталын және фотограф Максис Золотухиннің топтамасын арнайы мультимедиялық әдіс арқылы көрсету - жәдігерлердің нанымдылығын арттыра түседі.

Көрме үстіміздегі жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.