Алматы бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қаржының басым бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау шараларына жұмсалады. Бұл туралы мәслихатының кезектен тыс II сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, әлеуметтік салаға 2023 жылғы бюджет шығыстарының 30,4%-ы жұмсалады, бұл шамамен 79 млрд теңге.

«Білім беру саласына 24,9 млрд теңге қарастырылған. «Саялы-2» шағын ауданында 550 орындық мектеп құрылысын жалғастыруға және 59 мектеп гимназия ғимаратын қайта жаңартуға 2 млрд теңге бөлінеді. Балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында «Ақжар», «Алтын бесік», «Жас Қанат» шағын аудандарында 3 балабақша салуға 764,3 млн теңге жұмсалмақ. Бұл – 700-ге жуық баланы қамтуға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Бұдан бөлек, Алатау және Наурызбай аудандарында екі инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді.

9 әлеуметтік нысан бойынша (5 мектеп, 2 балабақша, 1 инновациялық шығармашылық орталық және 1 колледж жатақханасы) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 406,7 млн теңге қарастырылған.

Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында 4 мектепте және 2 балабақшада сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр. Оған 3,3 млрд теңге бөлінеді.

«Денсаулық сақтау саласына 8,4 млрд теңге қарастырылған. Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 3 түрі бойынша 11 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 547 млрд теңге көзделген. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған адамдарға медициналық көмек көрсету үшін 230 млн теңге қарастырлымақ»,- деп атап өтті Асқар Әмрин.

Жетісу ауданында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 3 жаңа емхананы одан әрі жабдықталуына құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделуде.14 денсаулық сақтау ұйымында жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жаңа лифт сатып алу және қолданыстағы лифт жабдығын ауыстыру жоспарланған.

№7 қалалық аурухана үшін магнитті-резонанстық томограф жабдықтарын сатып алуға жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге қаражат бөлінеді.

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда. Бұған жергілікті бюджеттен 608,4 млн теңге көзделген.

Әуезов ауданындағы № 16 қалалық емхананы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Қалалық кардиологиялық орталықты қайта жаңартуға 600 млн теңге жоспарланған.

«Сондай-ақ, сіздердің құрметті депутаттарыңыз комиссияларда Қалалық кардиологиялық орталық үшін жалпы сомасы 145,2 млн теңгеге ангеографа сатып алуға қаражат қарастыруды ұсынды. Жедел жәрдем орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда, оған жергілікті бюджеттен 608,4 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ, 8 денсаулық сақтау нысанын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 197,8 млн теңге жұмысалмақ»,- деп түсіндірді спикер.

Халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд теңге қарастырылған.Тұрғын үй алу кезегін қысқарту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың пәтер сатып алуға 38,2 млрд теңге бөлу жоспарда.

«Демеу» және «Қамқор» орталықтарында 760 адам қызмет алады. Олардың қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 267,5 млн теңгеге ғимараттарға жөндеу жүргізілмек.

Кешенді әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектігі бар 120 адамға арналған әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарда. Оған жергілікті бюджеттен 180 млн теңге қарастырылған.

«Мәдениет және спорт салаларына 5,5 млрд теңге бөлінді оның ішінде: Кітапхана жүйесін цифрландыруға 329,7 млн теңге жұмсалмақ. Бұл кітап алу процесін автоматтандыруға, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жыл сайынғы контингенті 14 мың бала мен 2 мыңнан астам спортшыны құрайтын 3 жоғары спорт мектебін және олимпиадалық резервтегі 10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебін ұстауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді. Балуан Шолақ атынағы спорт сарайын жаңғыртуға және ұстауға 726 млн теңге қарастырылған»,- деді қала әкмінің орынбасары.

Сондай-ақ «Алатау», «Зерделі» және «Жас Қанат» шағын аудандарында 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы


Соңғы жаңалықтар
telegram