Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент және Бакуден алда келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті Андрей Беклемишев төрт жыл ішінде «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өскен «цифрлық даму» деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент және Бакуден алда келеді

Айта кетерлігі, цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.

«Цифрлық трансформация – бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті – цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады», – деді Баян Қоңырбаев.

Ол Алматының осы бағытта дамуға көмектесетін «Ақылды қала» бағдарламасын іске асырғанын атап өтті.

ӨКҚ алаңындағы брифингте Б. Қоңырбаев International Data Corporation (IDC) Халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің Алматының «Ақылды қала» ретінде жетілгенін бағалағанын айтты.

«IDC әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді», – деп түсіндірді А. Беклемишев.

Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала «Конъюнктуралық» (opportunistic) деңгейінен «қайталанатын» (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты.

А. Беклемишев бұл көрсеткішке қандай фактор себеп болғанын жеткізді.

Соңғы 4 жылдағы жетістіктер туралы әңгімелеген Б. Қоңырбаев әлемдегі бірде бір қала 5.0 деңгейіне жетпегенін айтты. Азия өңірінде Сингапур (5.0 деңгейіне жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетті. Еуропада-Лондон (4 деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу көш бастап тұр (3 пен 4 деңгей арасында).

Алматы Будапешт, Ташкент және Бакуден озып, ТМД-мен Шығыс Еуропа өңірлерінде жетекші қалалар тобына енді.