Алматы-Екатеринбор күре жолында жол апатынан Қырғызстанның 4 азаматы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында Алматы-Екатеринбор күре жолында болған жол апатында Қырғызстанның 4 азаматы қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.
None
None

Бұл туралы КирТАГ Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

7 тамызда сағат 6.40-та Алматы-Екатеринбор тас жолынан 405 шақырым жерде Астанадан Шымкентке бет алған Setrа жолаушылар көлігі мен рулінде Қырғызстан азаматы Даниярбек Эрқабаев болған Toyota Ipsum соқтығысты.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ішінде Қырғызстанның 7 азаматы бар Toyota-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі 26 жастағы Даниярбек Эрқабаев және үш жолаушы: 38 жастағы Гүлімқан Молдалиева, 18 жастағы Исламбек Жаанбаев және 1974 жылы туылған Гүлбайра Атамырзаева оқиға орнында қаза тапты.

Тағы үш жолаушы - Әділбек уулу Қанатбек, Ақжол Батырқұлов, Жүсіп кызы Гүлзина Приозерск қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Setrа автобусының жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум