«Алматы-Екатеринбор» тас жолында жол апатында ШҚО-ның 22 жастағы тұрғыны ажал құшты

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында болған жол-көлік апатында ШҚО-ның 22 жастағы тұрғыны ажал құшты, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Жол-көлік апаты кеше Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбор» тас жолында орын алды. Қарағанды қаласына бет алған Шымкент қаласының тұрғыны, «Мазда-626» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, 24 жастағы Павлодар облысының тұрғыны басқарған «Нисан Цефиро» көлігімен соқтығысты.

Қатты соқтығысудың салдарынан «Нисан Цефиро» көлігі жыраға аударылып кетті. Орын алған жол-көлік апатының салдарынан ШҚО-ның тұрғыны, «Ниссан Цефиро» көлігінің 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 1984 жылғы тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік апатының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысының полициясы тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға, әсіресе алысқа сапар шегуде рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар