«Алматы – Екатеринбург» тас жолындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 15 тамыз күні «Алматы – Екатиринбург» тас жолында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінен 50 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы – Екатеринбург» тас жолындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды
Фото: пресс-служба ДП Карагандинской области

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан 41 жастағы «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орынында қайтыс болды. Сондай-ақ «Шевроле Кобальт» автокөлігінің жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырады.