Алматы Экология департаменті басшысының орынбасары 1 млн теңге парамен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті ҚР Энергетика министрлігі Алматы қ. Экология департаменті басшысының орынбасары Ұлдарбеков С. қамауға алды, деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз қызметі.
Ұлдарбеков С. өзінің қызмет лауазымын пайдаланып, бас пайдасы мақсатында жұмысқа орналастырғаны үшін физикалық тұлғадан 1 000 000 теңге көлемінде пара алған.
Қазіргі уақытта Ұлдарбеков С. Алматы қ. ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.