Алматы экономикасы жылына 5 пайыз өсім көрсетуі керек – Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев Алматыны әлемдік 100 үздік қаланың қатарына енгізу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі форум тарихи сәтпен тұспа тұс келіп отыр. Биыл Алматы қаласының алдағы 30 жылда даму бағдары жасалып жатыр. 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы қалалықтардың талқылауына шығарылды. Басты мақсат - бизнес мүмкіндіктер жағынан да, өмір сүру сапасы жағынан да әлемдік үздік 100 қаланың қатарына ену. Бұл үшін мықты экономикалық негіз керек. Қала экономикасы жылына 5 пайыз өсім көрсететін қарқынмен дамуы керек», - деді Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum аясында өткен жиында.

Оның айтуынша, мұндай өсімге қол жеткізу үшін қала билігі экономиканы тереңнен реформалауға көшпек.

«Алматының даму стратегиясын жасай отырып, біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік. Неге әлемдегі кейбір қалалар алға ұмтылып, өсіп-өрлеп, байып жатыр? Неге кейбір қалалар кедейшілікке ұрынып жатыр? Сан-Франциско қаласының жүріп өткен жолы таң қалдырды. Бұл қаладағы жан басына шаққандағы табыс американдық ең кедей аймақтағы жан басына шаққандағы табыстан 3 есе артық. Сан-Франциско билігі қандай жұмыс жасады? Адамдарға қолайлы өмір сүру климатын негізге ала отырып ыңғайлы орта, ыңғайлы инфрақұрылым жасалды. Бұл жерде АҚШ-тағы ең үздік бизнес климат жасалды. Сонымен қатар, қаланың экономикасында жаңа индустиялық жобалар жасалды», - деді әкім.

Қала басшысы Бүкіләлемдік банк рейтингі бойынша Алматы Қазақстан өңірлерінің ішінде ең үздік инвестклимат қалыптасқан қала екенін айтты.

Биыл қыркүйекте Fitch агенттігі Алматыға ВВВ рейтингін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар