Алматы экопостарында жүргізушілерге 214 млн теңгеден астам айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Соңғы 9 айда Алматы экопостарында жүргізушілерге қатысты 214 млн теңгеден астам сомаға хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда қазір 9 экопост жұмыс істеп тұр.
«Қазіргі уақытта 9 экологиялық пост жұмыс істейді. «Аян» экологиялық посты «Алтын ордадағы» жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұр. 9 экологиялық посты қою жоспарда бар. Ағымдағы жылдың 9 айында 214 793 295 теңге сомасына 14 727 хаттама толтырылды», - деп атап өтті полицияда.
Осыған дейін Алматыда 19 экопостың қойылатыны және олардың қалай жұмыс істейтіні туралы жазған болатынбыз.