Алматы ЭҚСЖКД іздеуінде жүрген Түркия азаматы Киевтен Астанаға экстрадицияланды

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп,

Алматы ЭҚСЖКД іздеуінде жүрген Түркия азаматы Киевтен Астанаға экстрадицияланды

Алматы қаласының ЭҚСЖКД іздеуінде жүрген Түрік Республикасының азаматы Бекар Эргунды Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша (ірі мөлшердегі ақша қаражатын алаяқтық жолмен ұрлау) қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Киевтен Астанаға экстрадициялады.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Азамат Бекар Эргун «АБАБ Құрылыс Әлемі» ЖШС директоры бола тұрып, 2006 жылы Алматы қаласында 12-қабатты тұрғын-үй құрылысын жүргізуге «ИНМЕЙР» құрылыс компаниясы ЖШС-мен мердігерлік келісімшарт жасасқан. Бірақ бір жыл бойына құрылыс жұмыстарын жүргізбеген және мердігерлік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған. Бекар Эргун 30 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлап алып, оны өз қажетіне пайдаланған.

2012 жылғы 15 қыркүйекте экстрадицияланған Бекар Эргун Астана қаласының әуежайында Астана қаласы уақытша ұстау абақтысының қызметкерлеріне тапсырылды.