Алматы электромобильдер қаласына айнала алады - Рикардо Марини
«Алматы - бұл тек қана сауда орталықтарынан тұрмайды. Алматының символдарының бірі - бірінші кезекте Көк базар. Қалада көліктер емес, адам санын арттыру үшін не істеу керек? Экологияны жақсартып, велосипед жолдарын көбейту қажет. Мысалы, Лондонда көлік жүргізушілері көліктің пайдаланылған газы үшін де салық төлейді. Оның үстіне қала орталығында жолдар ақылы болған. Қазақстанда да солай жасауға болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қалада автотұрақ бағасы өсетін болса, көліктердің саны азаятындығын жеткізді. «Лондонда автотұрақтар азайтылып жатыр. Біз біртіндеп электр қуатымен жүретін электромобильдерге ауысып жатырмыз. Алматы да электромобильдер қаласына айналуы тиіс. Оған қоса, автотұрақтарды қаланың төменгі жағына ауыстыруға болады», - деді Р. Марини.
Өз кезегінде қала әкімі Бауыржан Байбек қалада ақылы автотұрақ жүйесі енгізілгендігін, бұл қала орталығында көлік кептелісін азайтуға септігін тигізетіндігін айтты.