Алматы - еліміздегі туберкулез көрсеткіші ең төмен қала

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы туберкулезбен күресте көшбасшы болып отыр. Қаладағы індетпен ауыру көрсеткіші де, өлім-жітім көрсеткіші де орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Бұл туралы бүгін Алматыда елімздегі туберкулезге қарсы күрес туралы арнайы мамандардың баспасөз мәслихаты өткізілді.

«Алматыда көрсеткіштер - ең төмен. Өйткені, мұнда әлеуметтік фактор жақсы. Өмір сүру жағдайы көп аймақтарға қарағанда жоғары. Алматыда 100 мың адамға шаққанда 45,3 науқастан келеді, ал республика бойынша орташа көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 54,5 болып отыр. Ал, адам өлімі 3,2 болса, республика бойынша 3,8 болып отыр», - деді Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы директорының орынбасары Мәлік Аденов.

Ал, эпидемиолог маман Иосиф Куклиновксийдің айтуынша, туберкулез тұмыс жағдайы нашар адамдарда пайда болады.

«Кез-келген адамда штамдар болады. Бірақ, адам уақытында тамақтанбаса, құнарлы ас ішпесе, салауатты өмір салтын ұстанбаса, тоңса туберкулез пайда болуы мүмкін. Сондықтан, қай жерде өмір сүру деңгейі жоғары сол жерде ауру көрсеткіші аз. Мәселен Алматы бойынша Түрксіб ауданында науқастардың саны көп. Алатау ауданында да диагностиканың жақсаруының арқасында көрсеткіш жоғарылап келеді. Орталыққа Алмалы, Бостандық аудандарына жақын бұл ауру көрсеткіші төмендейді», - деді И.Куклиновский.

Соңғы жаңалықтар