12:58, 03 Қазан 2017 | GMT +5
Алматы емханаларында ашық есік күні өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы емханаларында ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық қарттар күніне арналған «Менің жылдарым - менің байлығым» акциясы 6 қазанға дейін жалғаспақ.
Қаладағы барлық емханаларда егде жастағы адамдар ешбір кезексіз, талонсыз білікті мамандардың кеңесін ала алады.
Атап айтқанда, жалпы тәжірибелі дәрігер, кардиолог, терапевт, невропатолог, хирург және басқа да мамандар қабылдап жатыр.
Сонымен қатар, қандағы қант, холестерин сияқты түрлі талдау жасалып жатыр.
Қабылдау кезінде пациенттер денсаулық кепілі боп отырған сергектік, дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы туралы дәріс оқуда.
Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын қарияларды қарау үшін дәрігерлер арнайы барып тексеруде.