18:24, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
«Almaty Futures» теннис турнирінің екінші айналымы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ерлер арасындағы «Almaty Futures» жоғары дәрежелі теннис турнирі өтіп жатыр.

25 сәуір күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекенің жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайды. Оған жарыс қожайындарынан басқа Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларус, Украина, Польша және Италия сияқты алыс-жақын шет елдердің спортшылары қатысуда. Онда екінші айналымда 2 қазақстандық спортшы өнер көрсетуде. Олар алғашқы айналымда ресейлік Дмитрий Марфинскийді 7:6(1), 7:6(11) есебімен ұтқан Айдынбек Рақышев пен өз отандасы Антон Саранчуковтан (6:0,6:1) басым түскен Денис Евсеев. Олардың бүгінгі қарсыластары италияндық Федерико Гайо мен ресейлік Ерванд Гаспарян болмақ.