Алматы халқының 8 пайызы тұмауға қарсы егілген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел респираторлық вирусты инфкһекциялар мен тұмаумен ауырғандар санының өсуі байқалмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы халқының 8 пайызы тұмауға қарсы егілген

Алматының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов брифинг барысында халықты вакциналау туралы мәліметтерді жариялады.
«Күзгі жедел респираторлық аурулар кезінде науқастардың санының артуы әзірге байқалмайды. Белсенді түрде халықты вакциналап жатырмыз. Қала бюджетінен қаражат бөлінді. Бүгінде 100% вакцина алуы тиіс адамдар - бұл медициналық қызметкерлер, диспансерлік есептегі балалар, интернат-үйдегі қарттар және қызмет көрсету саласындағы жандар. Вакциналау жұмыс берушілер есебінен жүргізіледі. Әзірге шамамен 8% халықты қамтыдық, маусым аяғына дейін 10% асуы мүмкін», - деді Баймұхамбетов.