Алматы Халықаралық әуежайына халықаралық ІІІВ санаты берілді

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына орай, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі арнайы Іс-шаралар жоспарын әзірлеген болатын. Соның бір тармағына сәйкес осы Алматы әуежайының әуежайын ИКАО-ның ІІІВ санатына сәйкестендіру межеленген болатын.
Алматы қаласының әуежайы таулы жерде орналасқандықтан, мұнда жылына орташа алғанда 35 күндей тұман болады. 2010 жылы әуежайда ауа райының бұзылуына байланысты 268 рейс кейінге қалдырылып, барлық кешігулердің 4,5 пайызын құрады.
Бүгінге дейін Алматы әуежайында ИКАО-ның ІІІА санатына сәйкес келетін жарық пен белгі беру құрылғысының жүйесі орнатылған болатын. Ол ұшу-қону алаңында көріну қашықтығы 200 метрден төмен емес кезінде қонуға тура қалықтап төмендеуін қамтамасыз етеді.
ИКАО-ның ІІІВ санаты әуежайдағы көріну қашықтығы 75 метрден төмен емес кезінде ұшу, қону және бұрылуды қамтамасыз етеді.
Алматы әуежайын ИКАО-ның ІІІВ санатына сәйкестендіру посткеңестік кеңістікте алғаш рет жүргізіліп отыр. Бұл оны әлемнің ең озық әуежайларының қатарына қосты.
Анықтамалық: ІІІВ санаты жағдайында әуе кемелерінің арнайы оқытылған экипаждары мен тек қана арнайы құрылғылармен жабдықталған заманауи ұшақтар ғана қонуды жүзеге асыра алады. Ал, ескірген әуе кемелері, оның экипажында арнайы рұқсат болса да, қонуды жүзеге асыра алмайды.