Алматы халықаралық әуежайындағы жарылғыш зат туралы хабар расталмады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайындағы жарылғыш зат жайлы хабар расталмады. Бұл туралы тап қазір «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы Халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінен хабарлады.
None
None

«Қазір әуежайдағы жағдай бірқалыпты. Барлық қызметтер шатттық режімде жұмыс істеп жатыр. Ұшақтардың ұшып келу және ұшып кету кестесіне ешқандай нұқсан келмеген. Рейстердің ешқайсысы кідірген жоқ», - деп жауап берді авиациялық қауіпсіздік қызметінен.

Айта кетелік, бүгін таңғы сағат 08:00-де әуежайдың қол жүктерді алу аймағында қараусыз жатқан сөмке жайында хабар таратылған болатын. Алматы қ. ІІД көліктегі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл арада оқиға орнына тергеу-опертивтік тобы жеткен. Аумақ қоршауға алынып, әуежайдың қызметкерлері мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Кинологиялық қызметтің күшімен жан-жақты тексеру жүргізілді. Алайда, жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Таңғы сағат 09:00-де әуежай жұмысы шаттық режімге көшті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум