Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдығына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды
Ы. Қарашаның 12-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдығына арналған осы білім ордасының оқушылары мен түлектерінің мерекелік концерті болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Концерттің ашылу салтанатында Алматы қалалық мәдениет басқармасы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ұйғыр театры басшылары және балет өнерінің ардагерлері оқу ордасының мерейтойымен құттықтады.
«75 жыл аралығында біздің училищеден шыққан 10-нан астам халық әртістерін, 50-ден астам еңбек сіңірген қайраткерлерді, 100-ден аса халықаралық балет байқауларының лауреаттары мен дипломанттарын, гран при иелерін оқу орнымыздың жемісті нәтижелері деп білемін. Біздің түлектер елімізде және шет елдерде өнерлерімен ел-жұртты тамсантып, өз өнерлерімен паш етіп жүргендеріне қуанамын», деді өз сөзінде училище директоры Қарлығаш Мырзаханова.