Алматы Индустриалды аймағы жаңа жобалармен толығатын болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Индустриалды аймағында 2023 жылға дейін төрт жаңа өндірістік парк пен полиэтиленді өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы барысында айтылды.

Әлеуетті инвесторлар 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салуға дайын, олардың бір бөлігін «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырады.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері өндірістік парктерде ролл перделерді, жиһаздық скобтарды, гидравликалық қосалқы бөлшектерді, радиациялық бақылау саласындағы өлшеу құралдарын, ашық спорттық жабдықтарды, фанерлерді, ағаш материалдарын, ламинатты, ковролинды, есік, терезелерді, ас үй мен тоңазытқыш жабдықтарын, киім, аяқ киім, тоқыма, сондай-ақ ас үй, кеңсе және жұмсақ жиһазды шығаратын болады.

Жаңа өндірістік парктердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрден асады, мұнда 760 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда барлығы 11 шағын өндірістік парк іске қосылды, оның ішінде аудандардағы 5 өндірістік парк бар. Олар – «БротМастер» ЖШС, «Ala Estate»ЖШС, Samruk Group ЖШС, CityBus ЖШС, AsiaProm Textile ЖШС, жалпы алаңы 17 мың шаршы метрден асады.

Индустриалды аймақта тағы 6 шағын өндірістік пактер құрылған, олар – «Ala Estate»ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «Qazaq Plast» ЖШС, «Алтын Даурен Бизнес» ЖШС, бұлардың жалпы алаңы 31,2 мың шаршы метрден астам.

Бүгінде шағын өнеркәсіптік парктер сусындар, құрылыс материалдары, қағаз өнімдері, дезинфекциялаушы заттар, комбинезон, металл конструкциялар, жиһаз, галантерея, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығарады.

Алматыда жаңа жобаларды ескере отырып, 2022 жылға қарай 5,9 млрд теңге инвестиция құйылатын 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейтін болады, олардың алаңы 73 763 шаршы метрді құрайды, осының арқасында бір жарым мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

ӨҮК қатысушылар Алматының Индустриалды аймағының аумағында полиэтиленді өңдейтін зауыт құрылысының жобасын қарады. «Best-Plust Products» ЖШС 2023 жылға қарай жылына 400 миллион дана полиэтилен пакет шығаратын кәсіпорынды іске қосады. 35 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Компания қалдықтарды қайта өңдейтін «Green Recycle» зауытымен полиэтилен қалдықтарын жинау тжөніндегі меморандумға қол қойды. Өндірістегі қайта өңделетін полиэтиленнен жасалатын өнімнің үлесі 30%-ға дейін болады.


Соңғы жаңалықтар