Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында балон жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының іргесінде орналасқан Тұздыбастау ауылында газ балоны жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында балон жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті

«2 тамыз сағат 18:07-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Осы үйден 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) облыстық ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.