16:14, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алматы қалалық балалар ауруханасында өрт болды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасында өрт болуына байланысты 26 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орналасқан №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында түнгі сағат 01:28 шамасында "Климитрон" күйiкке қарсы төсектiң жануынан болған. Жан сақтау бөлімінің 3 шаршы метр ауданын өрт шалып, 26 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жарақат алғандар мен құрбан болғандар жоқ.
Өрт ҚР ТЖМ және Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндiрушілерімен сағат 02:11 өшірілді. Оған дербес құрамның 52 адамы және 15 техника жұмылдырылған.