Алматы қалалық депутаты отбасылық жағдайы төмен оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетті

АЛМАТЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы Мүсілім Базарбаев атындағы №138-ші мектеп-гимназиясында қалалық мәжіліс депутаты Олег Печеник отбасылық жағдайы төмен оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Республикалық «мектепке барар жол» акциясы аясында жасалып отырған қайырымдылық шара бірінші рет емес. Бұған дейін де жыл сайын көмегін жасап отыратын қалалық депутат бұл игі ісін дәстүрге айналдырған.

Өз сөзінде аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлбану Әміртаева оқушылардың қандай да бір қажеттіліктеріне байланысты аудандық әкімшіліктің білім бөлімі басқармасына өтініш жасай алатындықтарын айтты. Бостандық аудандық әкімінің орынбасары Саят Ағыбаевтың айтуынша, бүгінде аудан бойынша 1500-дей бала осындай әлеуметтік көмекке зәру.

Қайырымдылық шарасының басты кейіпкері Олег Печеник оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мұғалімдерге табысты еңбек тіледі. Мерекелік шараға аудандық №21, №23, №70, №88, №138-ші мектеп өкілдері мен оқушылары қатысты. Шара барысында 50 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Сонымен бірге, оқушылардың концерттік бағдарламалары орындалды.

Соңғы жаңалықтар