Алматы қалалық Экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары заңсыз тұтқындалды деген ақпарат жалған

АЛМАТЫ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарындағы Алматы қалалық Экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, подполковник  А.Жантелеевтің  тұтқындалуы заңсыз жүргізілді деген ақпарат жалған.

Алматы қалалық Экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары заңсыз  тұтқындалды деген ақпарат жалған

Бұл туралы бүгін  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті осындай ақпарат таратты. 

 Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Жантелеевті тұтқындау заң негізінде сот санкциясымен және  прокуратураның бақылауымен жүзеге асырылған.

  Естеріңізге сала кетейік, Алматы қалалық Экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасарын ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті қызметкерлері бірқатар қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен тұтқындаған болатын.  Қалалық ҰҚКД таратқан ақпаратта А.Жантелеевтің есірткі заттарын сатып алу, сақтау, пайдалануға қатысы барлығын жедел-тексеру материалдары, оның ішінде бейне-дыбыс жазба материалдары, куәгерлердің берген деректері көрсеткендігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындау кезінде қалалық наркологиялық орталықта жүргізілген тексеру барысында күдіктінің есірткіге елтіп алғандығы анықталған. Бұдан бөлек қосымша жүргізілген тексерістер де А.Жантелеевтің ұзақ уақыттан бері есірткі тұтынатынын   көрсеткен.