Алматы қалалық ІІД кісі өліміне қатысты екі қылмыстың бетін ашты

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қалалық Ішкі істер департаменді қызметкерлері қалалық жоғары оқу орындары бірінің 3-ші курс студенті мен 43 жасар қала тұрғынының қазасына қатысты екі бірдей қылмыстың бетін ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысынан бір студенттің мәйіті табылған болатын. Оның денесін тексеру барысында арқасы мен желке тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алғаны анықталды. Сол күні кешке Әуезов аудандық ІІБ-нда ҚР ҚК-нің 96-шы «қастандықпен кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық ісі қозғалды.

Ізін ала тексеру тобы арнайы және жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында осы ауыр қылмысты жасаушылардың ізіне түсті. Олар 20 және 22 жастағы Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Екеуі де қалалық бір баспахананың терімшісі, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Тексеру барысында анықталғандай, студенттің қазасы жоғарғы курстар мен 1-ші курстардың топтасып төбелесуінің нәтижесінде орын алған.

Тағы бір кісі өлімі оқиғасын Медеу аудандық полицейлері шілде айының соңында қалалық Орталық саябақ аумағында тіркеген еді. Онда 43 жасар ер адамның беті мен басына ауыр соққылар тигендігі анықталды. Саябақ әкімшілігінің айтуынша, қаза болған жан сол жердің күзетшісі болған.

Кісі өлімі қылмысы бойынша Медеу аудандық ІІБ-нда қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру барысында күзетшінің өліміне қатысты 21 жасар қаңғыбас ұсталды. И. есімді азаматтың айтуынша, ол Алматыға Сарқанд қаласынан келген. Бұрын сотталмаған. Оқиға болар күні ол өз жолдастарымен саябақтың бірнеше сауда нүктелерін тонамақ болған. Алайда күзетшінің көзіне іліккен қылмыскерлер істеріне кедергі келтірмес үшін оны ұрып-соғып тастайды. Қылмыскердің мойындауынша, ол қаза болған жанды тіршілік белгісі қалмағанша соққылаған.

Қазіргі уақытта қолға түскендер уақытша қамау орынына жабылған. Болған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар