Алматы қалалық ІІД мен мектеп директорлары оқушылардың жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қалалық Ішкі істер департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб аудандық №83-ші мектеп базасында аудандық 24 мектептің директорларымен кезесу өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктердің қала ішінде алдынғы шамдарын жағып жүру ережесі бекітілген болатын.

«Оқу жылы басталар алдында мұғалімдерге жол жүру ережелерін оқытатын сыныптардың дайындағын тексеріп шығу қажеттігін ескертеміз. Кеңес беру мен жол ережелерін оқыту құрал-жабдықтарын түгендеу қажет. Сонымен бірге, оқушылар үшін жол жүру жоспарын жасап қойғандары дұрыс. Осындай алдын-алу шаралары қаламыздағы оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмауға жағдай жасайды», дейді Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарыбасов.

Өз кезегінде мектеп директорлары мектептер маңайындағы жол белгілерінің қайта жаңартылу қажеттілігін және мектептер маңындағы инспекторлар қызметі кестесін нығайтуды да айтып өтті. Сонымен қатар, жолдағы жүргіншілер жолағы маңында арнайы макеттер қойылу керектігін әңгіме қылды.

Соңғы жаңалықтар